9.02.2017, 16:51
Оқылды: 58

Облыс басшысы Озерный мектебінде болды

akim ozernyi (2)Бүгін Зеленов ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов алдымен Перметный ауылына қарасты Озерный елді мекеніне ат басын бұрды.


Облыс басшысы мұнда жаңадан бой көтеріп, Тәуелсіздік тойына орай ашылған Киров мектебінің жай-күйімен танысты.

akim ozernyi (1)Мектеп директоры Гүлназ Бақытжанқызының айтуынша, білім ошағында 17  ұстаз 44 оқушыға дәріс беруде. Мектепке ыстық, суық су өткізілген, оқу-тәрбие жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. «Балабөбек» шағын орталығында 14 бала тәрбиеленуде.

akim ozernyiҰстаздар ұжымымен және мектеп шәкірттерімен емен-жарқын жүздескен облыс басшысы пән кабинеттерін аралап көрді. Технология пәні оқытылатын бөлмеде он саусағынан өнер тамған жас шеберлердің жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен бірге компьютер кабинетіне де бас сұғып, дарынды оқушылармен дидарласты.

Кездесу соңында Алтай Сейдірұлы іші-сырты жарқыраған мектепте білім нәрімен сусындап жатырған шәкірттерге сәттілік тіледі.

Динара Насыр

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале