15.02.2018, 11:06
Оқылды: 25

Облыстық «Ақшақардан» жүлдемен оралды

«Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде оқушылар арасындағы шаңғы туризмі техникасынан облыстық «Ақшақар – 2018» жарысы өтті. Байқауға Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының оқушылары қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Облыстық жарысқа Орал қаласы мен аудандардан 11 команда қатысып, жылдамдықтары мен ептіліктерін байқатты.

Қатысушылар онға жуық кезеңдерді бағындырып, жеңіске ұмытылған оқушылар жарыс жолында қарсыластарынан қалыс қалмай, жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыстың алғашқы күнінде «Жеке қашықтық» бойынша сынға түскен Жайна Асыланбекқызы ІІІ орынға табан тіреді.
Аудан намысын қорғай барған жерлестеріміз «Эстафета» қашықтығында ІІІ орын, «Командалардың ең үздік қойылымы» байқауында І орын, «Экспресс-парақтар» байқауында ІІ орынды иеленді.

Өз тілшіміз

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале