17.05.2019, 16:40
Оқылды: 36

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының  дайындық барысымен танысу мақсатында Ақжайық ауданына облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов пен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Тажмұқанов келді.

DSC_0023

         Аудан әкімшілігін мәжіліс залында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың төрағалығымен сайлау туралы арнайы жиналыс өтті. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Салауат Аймукашевтың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты Ақжайық ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

         - Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының сайлауды өткізу кезіндегі қызметі мен сайлауды ұйымдастыру тұстарына кеңінен тоқталып өтті. Сайлау науқаны аса жоғары жауапкершілікті талап ететіндігін басып айтты. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Президенттікке жеті кандидат тіркелді, барлық кандидаттарға бірдей жағдай жасалуы қажет. 20-шы мамырдан бастап, учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімдерін алады. Осыған байланысты әр сайлау учаскесінде волонтерлар корпусы құрылып, сайлаушыларға шақыру билеттерін таратуды ұйымдастыру керек. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде кезекшілік бекітілуі тиіс. Қауіпсіздік жағдайлары қарастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болу керек,- деді Ғ.Қапақов.

         Жиналыстан кейін Ғ.Қапақов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде орналасқан №26 сайлау учаскесінің жұмыс орнын аралап, материалдық техникалық базасымен танысты.

Абзал Мүтиғоллинов,

Ақжайық ауданы

DSC_0004 DSC_0012

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале