3.04.2018, 16:55
Оқылды: 36

Оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді

Тасқала аудандық балалар саз мектебінің оқушылары Орал қаласында өткен республикалық «Ұлы дала ұрпағымыз» атты балалар мен жастар шығармашылық байқауына қатысып, жүлдемен оралды.

Олардың қатарында Райгүл Жадаева жетекшілік ететін «Бүлдіршін» тобынан домбырашы Наргиза Қажыкен І дәрежелі, балдырған тобынан Аягөз Төлеген ІІ дәрежелі, Ақсан Төлеуов ІІ дәрежелі лауреат атанса, «Жеткіншек» тобынан Камила Саматова І, Нұргүл Тангатарова ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Ал А.Файзуллина жетекшілік ететін вокал номинациясы бойынша Раяна Қамидолла І дәрежелі лауреатқа қол жеткізсе, скрипка аталымы  бойынша Үміт Шукурова білім беретін Раяна Қамидолла ІІ дәрежелі, Инабат Ханимат ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

Осы байқауда фортепиано аталымы  бойынша Л.Громованың шәкірті Есімғали Нұрдаулетте І дәрежелі лауреат атанды.

Байқау барысында оқушылардың осындай дәрежеге жетуіне үлес жоғарыда есімдері аталған ұстаздар да алғыс хатпен марапатталып, домбыра класының жоғары санатты оқытушысы Р.Жадаева «Үздік тәлімгер» төс белгісіне ие болды.

М.Сәрсенова,

саз мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале