20.04.2017, 17:50
Оқылды: 22

Оқушылардың «Айбын» жиыны

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта жастардың «Айбын» аудандық әскери-патриоттық жиыны өтті.


Оған қатысқан 11 мектептің оқушылары пневматикалық винтовкадан ату, таянып жатып қолды бүгіп-жазу, турникте тартылу, толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру, противогазды, жалпыәскерлік қорғаныш толымын киюге тез дағдылану секілді шарттарда сынға түсті.

Нәтижесінде І орынды аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназия, ІІ орынды Бударин орта мектебі, ІІІ орынды Жаңабұлақ орта мектебі мен Чапаев №1 орта мектебінің шәкірттері иеленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале