16.03.2017, 18:51
Оқылды: 111

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге»

Осындай атаумен бұл сайыс Қаратөбеде екінші рет өтті. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа сегіз жұп қатысты.

Олар «Татулықтың паш етеміз үлгісін», «Сырласайық, жеңеше!», «Өнерлі өрге жүзер» бөлімдері бойынша бақ сынады.

Байқау нәтижесінде Саралжын орта мектебінің оқушысы Дана Жахан мен жеңгесі Әсем Дәлуова жүлделі І орынды иеленіп, аудан намысын облыстық кезеңде қорғауға жолдама алды. Соналы мектебінің шәкірті Нұрайна Бисенғожина мен жеңгесі Әйгерім Аққайырова ІІ орынды, Жамбыл мектебінен Фариза Орынбасарова мен жеңгесі Гүлім Мұқатова ІІІ орынды иеленді.

Ал  Мұхит атындағы орта мектептің оқушысы Аяжан Дүйсенова мен жеңгесі Айдана Досқалиева «Сырлы жеңге, ару қыз» аталымымен, қалдығайтылық Асылжан Батырханқызы мен жеңгесі Анаргүл Сағидоллақызы «Парасатты келін, шебер ару» аталымымен марапатталды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале