3.08.2018, 10:12
Оқылды: 64

Өңір басшысының орынбасары - Жаңақалада

Azbaev Zhanakala (1)Жаңақала ауданына облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Жаңақазан ауылдық округіне қарасты, Жуалыой ауылында болып, Құлшық су қоймасынан тартылатын су құбыры жобасымен толыққанды танысты.


Биылғы жылы да аудан бойынша атқарылып жатырған құрылыс көлемі ауқымды. Соның бірі де бірегейі халық сұранысы бойынша облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан Жаңақала топтық су құбыры құрылысы болатын.

2017 жылы тамыз айында басталған құрылыс биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысының тікелей қадағалауында тұрған құрылыс қарқынды жүргізіліп келеді. Жобалық құны 2,522 млрд. теңге болатын құрылыстың келісімшарт құны 1,831 млрд.теңге. Ұзындығы 145,69 километр болатын су құбырын, оның қажетті нысандарын салу, әрине, жеңіл жұмыс емес. Осы су құбыры арқылы ауданның сегіз елді мекені, онда тұратын 16789 адамды таза ауыз сумен қамтуды көздеген құрылыстың бүгінгі жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев мердігерлерге жұмыс сапасын кемітпеуді тапсырды.

Мұнан кейін Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай, Сарыкөл, Мұқыр және Жаңақалада болып, елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев аудан әкімі Н.Қарағойшинмен бірге аудандағы жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй құрылыстары, жол жөндеу жұмыстары туралы мамандардың хабарламаларын тыңдады.

Жаңақала ауылында болғанда салынып жатқан жобалық құны 220458,58 мың теңге 24 пәтерлік үш қабатты тұрғын үйдің басына барды. Аталмыш тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Алатау-Альдан-Агро» ЖШС жүргізуде. Бұл тұста облыс әкімінің орынбасары Б.Оразалдыұлы жауапты мердігерге тұрғын үй құрылысының қарқыны баяу екенін баяндап, жұмысты ширату керектігін айтты.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Елбасының биылғы жылы халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындау бағытындағы жұмыстардың жоспарлы жүргізіліп жатқанына куә болды.

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Azbaev Zhanakala (2)

Azbaev Zhanakala

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале