24.12.2018, 12:45
Оқылды: 24

«Өрімталдықтарға» қошемет көрсетті

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев «Жайық Пресс» медиахолдингі облысымызда тұңғыш ұйымдастырған «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінде жеңімпаз атанған оқушылары Бітік мектебінің 11-сынып оқушысы Лаура Ғұбашева және Гүлайназ Сәрсенғазиеваны, Жаңабұлақ мектебінің 9-сынып оқушысы Аружан Әділханованы, олардың ұстаздары Қымбат Мұқашева (Бітік мектебі) мен Жайнагүл Өтешқалиеваны (Жаңабұлақ мектебі) қабылдады.

DSC_0052

         Т.Ғабдушев «Өрімталдың» «Ғажайып өлке» тақырыбына шығарма жазу байқауының аудандық кезеңінде оза шауып, облыстық фестивальде жеңімпаздар қатарынан көрінген шәкірттерді, олардың ұстаздарын риясыз көңілден құттықтады. Әңгіме барысында өте ауқымды өткен жас тілшілер фестивалінің жас буында сөз өнеріне, журналистикаға баулудағы шексіз маңызы жайында айтылды. Өздерінің ауданына, ауылына жақсы ат әкелген «өрімталдықтар» аталған шараның ізденіске, білімге құштарлыққа жетелеудегі маңызын сөз етті.

         Тілек Ғабдушев жеңімпаз оқушыларға және олардың мұғалімдеріне аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов атынан естелік сыйлық пен Алғыс хат тапсырды.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале