30.06.2017, 15:43
Оқылды: 66

Отбасы - қоғам құндылығы

Karatobe mereili otbasi          Қаратөбеде «Мерейлі отбасы - 2017» ұлттық байқауына аудандық іріктеу кезеңі өтті.

       Отбасы - сыйластық пен жарастық орнаған орта, адам баласының алтын діңгегі, қоғамның басты құндылығы, береке бірліктің қайнар көзі.

      Әулеттің  ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ-ең мерейлі ұрпақ.


   «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушылар  құрметпен сахнаға шақырылды.

   Отбасы институтын, адамгершілікті, ата аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру мақсатында оздырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары жусандыойлық Бекмағамбетовтер, аққозылық Жұмағалиевтер, саралжындық Бисенғалиевтер қаракөлдік Рамазановтар, қаратөбелік Әлмұқановтар және Есенгельдиндер отбасылары марапатталды.

     Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін салтанатты шараны құттықтау сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Асхат Шахаров жүргізді.

      Салтанатты шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркем-өнепаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

  Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале