16.02.2017, 16:50
Оқылды: 37

Расулдың кезекті күмісі

Зеленовтық Расул Төлеуов гір спортынан Шымкент қаласында өткен ел чемпионатынан тағы да жүлде еншіледі.


Бапкер Қанат Жұмағалиевтен тәлім алып жүрген жас бұл жолғы жарыста 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынағанды. Ол 24 келілік гір тасын ұзақ циклде 61 мәрте көтеріп, екінші нәтиже көрсетті.

-Ел чемпионы атанам деген жоспарым орындалмады. Қостанайдан келген спортшыға жол бердім. Бірақ бұл сәтсіздік мені шыңдай түседі. Наурыз айында Алматы қаласында көпсайыстан ел біріншілігі өтетін болады сол жарыста Шымкентте кеткен есені қайырамын,-дейді зеленовтық спортшы.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале