24.02.2017, 11:49
Оқылды: 19

Сақтықты қаперге салды

Төтенше жағдайлар департаментінің Ақжайық аудандық №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің құрамы Жайықтың оң және сол жағалауындағы ауылдарда болып, көктемгі су тасқыны кезіндегі сақтықты тұрғындардың қаперіне салды.


«Қазір өзендерден жаяу да, көлікпен де өту өте қауіпті. 15 ауылда тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулерде осы жайында әңгіме болды, мектептер оқушыларына да сақтық туралы әңгімеледік»,-дейді аталған бөлімнің басшысы Марат Қабақаев.

Бекем БЕКҰЛЫ.

Ақжайық ауданы.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале