9.10.2018, 11:29
Оқылды: 96

«Салтанат» би ансамблі Тасқалада

Тасқалаға бас балетмейстер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» орденінің Кавалері Г.Орумбаева көркемдік жетекшілік жасайтын «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі келді.

ансамбль

Аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында биден шашу шашқан өнерпаздарға халық қошеметі зор болды. Әсем әуен астында түрлі ұлт өкілдерінің биін паш еткен бишілер көрерменін кәсіби шеберліктерімен таңқалдырды.

Көптеген халықаралық және мемлекеттік мәдени шаралардың қатысушылары болып табылатын ансамбль ұжымы өздерінің жоғарғы орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетінін дәлелдеді.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева өнер ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

-Еліміздің атын халықаралық деңгейде шығарып, әлемге танытып жүрсіздер. Сіздерге зор табыс тілеймін. Былтыр өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің жоғары деңгейде өтуіне де сіздің ансамбль үлкен септігін тигізді. Ел ықыласына бөленіп, халық қошеметіне ғана ие болып жүре беріңіздер,- деді.

Әсем СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

111_4734 111_4748

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале