18.03.2017, 12:02
Оқылды: 38

Самбодан аудан чемпионаты

Қазталов ауданында Наурыз мейрамына орай ерлер арасында самбо күресінен аудан чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазталов, Тереңкөл, Талдықұдық, Қараоба, Жалпақтал ауылдық округтерінің командалары  қатысып, жеті  салмақ дәрежесінде сынға түсті.


Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов жарысқа қатысушы спортшыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Нәтижесінде 52 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Берқайыров, 57 келіде Датхан Қарабала, 62 келі салмақ дәрежесінде Темірболат Мұқашев, 68 келіде Азамат Рамазанов, 73 келіде  Қуаныш Сағынғалиев, 82 келіде Қадырбек Кенжеғалиев, 90 келіде Селман Мусин, 100 келіде Жасталап Мақсотов топ жарып, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале