31.10.2017, 15:51
Оқылды: 25

Саралжындық ардагерлер көшет отырғызды

Қаратөбе ауданына қарасты Саралжын ауылдық округінің ақсақалдары саябақ пен мектеп алаңқайына 600 түп көшет отырғызды.

Ізгілікті шара алдымен, Сәуле ауылынан бастау алып, ауылдағы Жақсыбай мектебінің ауласына 55 түп тал отырғызылды.

Одан соң Саралжын ауылдық округінің орталығы Қарақамыс ауылына барған абыз ақсақалдар мектеп жанындағы мұражайды аралап, ондағы жәдігерлермен кеңінен танысты.

Бұдан кейін ақсақалдар Мұхит атындағы саябаққа, Б.Қаратаев атындағы Саралжын орак мектебінің ауласына мекеме қызметкерлері, ауыл жастары, мектеп оқушыларының көмегімен жас шыбықтар отырғызылды.

Ізгілікті іс шара соңында округ әкімі Қайыр Бисенғалиев жақсы іске бастамашылдық танытқан қарияларға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале