15.08.2019, 16:23
Оқылды: 138

Шәкірт сыйлығы

Қолымызға домбыра ұстатып, домбыраның үні мен пернесінен төгілген дыбыс иірімдеріндегі ұлттық код, генетикалық жадыны ұлтымыздың күйлері арқылы тоқытқан ұстазымыз Ешмұхамед Усалимов болатын. Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұстазымызға домбыра сыйлап, иығына шапан жауып, алғыс хат табыстау бұйырды.

 WhatsApp Image 2019-08-15 at 14.17.21

Ешмұхамед аға Егіндікөл мектебі жанынан жасақталған оркестрді құрушылардың бірі. Оркестр құрамында аудандық жарыстардан талай жүлделі орындар алып жүрдік. Ұстазымыз бізге Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Кісен ашқан» және Қауеннің «Сәнау» күйлерін сапалы орындауды үйретті.

WhatsApp Image 2019-08-15 at 14.17.22 (1)

Қазір Ақсай қаласында тұратын Айбол Жұманов сыныптасымыз туған жеріміз Егіндікөлге арнайы барып, ұстазбен кездесіп, 2001 жылғы түлектер атынан  сый табыстады.

WhatsApp Image 2019-08-15 at 14.17.21 (1)

Айта кетейік, домбыра таңдау барысында өзінің кеңесін беріп, Оңтүстік Африкада өсетін палисандр ағашынан жасап берген оралдық домбыра шебері Абзал ағаның да еңбегі зор.

Әділғазы Кереев,

Алматы қаласы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале