5.12.2019, 18:09
Оқылды: 74

Шежінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

Тасқала ауданында алғаш болып Шежін орта мектебінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Арсен Баяндыков арнайы қатысты.

tasqala (2)

Алдымен жас сарбаздар мен шара қонақтары еліміздің көк туы алдында сап түзеді. Одан соң Шежін орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі Р.Мухамбеталиев пен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы БҚО филиалының төрағасы Ш.Джумалиев жас сарбаздардан әскери ант қабылдап, куәліктерін табыс етті.

 -Еліміздің абыройлы азаматтары мен азаматшасы болу сендердің басты міндеттеріңіз. Бүгінде мектепте ашылған «Жас сарбаз» сыныбы ауданда алғаш рет ашылып отыр. Бұл сендерге деген сенім. Біз қашан да сендерге сеніп, алаңсыз білім алуға, басқа да қырларыңызды дамытуға жағдай жасаймыз. Сендердің бойларыңызда елге деген махаббат, патриоттық сезім мықты болу қажетін естен шығармаңыздар, - деді аудан әкімінің орынбасары Арсен Толқынұлы.

tasqala (3)

Шара әрі қарай жас сарбаздардың өнеріне ұласып, аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Г.Батырғалиева мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы БҚО филилалының төрағасы Ш.Жұмалиев өзара меморандумға қол қойды.

Әсем Аманова

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале