29.09.2017, 17:09
Оқылды: 22

Шыңғырлау ауданында 15 дана қару тәркіленді

Шыңғырлау аудандық жергілікті полиция бөлімінің ұйымдастыруымен тұрғындардағы азаматтық, қызметтік, марапаттық және коллекциялық қару-жарақтарды есепке алу, олардың сақталу, қолдану тәртібінің талапқа сай болуын тексеруден өткізген шұғыл алдын алу бойынша қызметтік рейд өткізілді.

Нәтижесінде 15 дана қару тәркіленіп, тиісті сақтау орнына жеткізілді.

Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен алып өту тәртібін бұзған жағдайда, яғни, әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 484-бабының 1-тармағы бойынша жеке тұлғаларға 10, заңды тұлғаларға 20 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осындай құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға және  заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі екі есеге өседі. Аталған бағыттағы алдын алу іс-шаралары желтоқсан айына дейін жалғасады.

 Бекежан Елесбаев,

АІІб-нің ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале