25.05.2018, 17:37
Оқылды: 69

Шыңғырлау ауданында соңғы қоңырау шарасы өтті

Дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылында өтті. Ауыл халқы көп жиналған жиынның сәнін мерекеге сай киінген, гүл мен шарларын қолдарына ұстаған оқушылар келтірді.

Жүргізушілер үш тілде бастап, ашқан шарада мемлекеттік Әнұран ойналып, ақ тілектер ағылды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Қонысбаева ақшаттықтарды құттықтап, жаңа табыстар мен биік мақсаттар орындалуын тіледі.

Соңғы қоңырау өту барысында мектептің әншілері Аяулым Қыдырова «Ұстазым», Оспан Абзал мен Махмуд Әсел «Соңғы қоңырау» әндерін орындап, көпшілікті риза етті. Мектеп директоры Светлана Тайпақова мектеп мерейін көтеріп жүрген жас таланттарға сыйлықтар табыс етті. Жиынға Шыңғырлау ауданы әкімі А.Есалиев қатысты.

Салтанатты шарадан соң мәртебелі меймандар мектепті аралап, ауыл тіршілігімен кеңінен танысты.

Адақ ШОТПАНОВ
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале