12.02.2020, 17:05
Оқылды: 30

«Шыңғырлау» спорт клубы әуесқой балықшылар арасында жарыс ұйымдастырды

Шыңғырлау ауданы аумағында су айдындары көп. Табиғат аясында демалғанды жаны сүйетін жандар жаз айларында өзен-көлдердің маңында қармақтарын суға салып қойып, сабырмен балық қапқан сәтті күтеді. Тіпті қысқы мезгілде де олар көл беттерін ойып, балық аулауға құмар-ақ. Сондай әуесқой балық аулау кәсібіне қызығушылықты дамыту және мұз астындағы балықтарды қажетті оттегімен қамтамасыз ету мақсатында жақында «Шыңғырлау» спорт клубы қызықты жарыс ұйымдастырды.

serpin

 Айта кетелік, күнілгері балық аулаудың ережесі таныстырылып, шараға қатысушылардың тізімі пысықталды. Белгіленген уақытта басталған шараға ауылдық округтерден, мекеме-бөлімдерден, Ақсай қаласынан 100-ге жуық адам қатысты. Жарыс талаптарына сай, балық аулаудың тәртібін сақтап, амал-айлаларын да көрсете білген балықшылар қызықтаушы жұрттың көңілдерінен шығуға тырысып бақты. Қортындысында І орын Жаңакүш, ІІ орын аудандық теміржол, ІІІ орын Қосжанов командаларына бұйырды.

Ал көп жылдық тәжірибелерін көрсетіп, ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы аталымдарды иеленді. "Ең үлкен жыртқыш балық" иесі Абат Байғалиевке (теміржол командасы), "Алтын балық" ұстаған Тілекті Мұрадимовқа (Ұрысай командасы) және "Ең үздік балықшылар" аталымын иеленген Ақсай командасына да түрлі марапаттар тапсырылса, жеңімпаздарға "Шыңғырлау" спорт клубы атынан арнайы сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале