16.07.2018, 10:27
Оқылды: 43

Шыңғырлауда кәсіпкерлер отбасылары асық атудан сайысқа түсті  

 

Zhyngyrlau kasipkerАудан орталығындағы демалыс саябағында «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлері отбасылары арасында асық атудан аудан біріншілігі өтті.


 

Шараға үш отбасы қатысты. Сайыс, ережеге сəйкес, ерлер арасында "бес табан" жəне əйелдер арасында "бес асық" ойыны бойынша өткізілді.

Zhyngyrlau kasipker (1)Тартысты өткен бұл сайыста І орынды Ащысай ауылдық округінен келген Омарғалиевтер əулеті («Умарғалиев» ЖК) жеңіп алса, ІІ орынды Полтавка ауылының кәсіпкері Мұханбетжановтың əулеті («Гүлназ» ЖК) еншіледі, Шыңғырлау ауылынан қатысқан Сағындықовтар əулеті («Темирлан» ЖК) ІІІ орынды иеленді.

«Ең жас отбасы» номинациясымен Сағындықовтар əулеті марапатталды. Жеңімпаз командалар "Шыңғырлау" спорт клубы атынан тиісті дәрежедегі дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале