16.08.2017, 13:59
Оқылды: 16

Шыңғырлауда құрылыс қарқынды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев  іссапармен Шыңғырлау ауданында болып, құрылыс учаскелерін аралады. Биылғы көктемде басталған 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмысы 70 пайызға орындалып қалған.


Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев ең алдымен, Лубен, Тасмола ауылдарында болды. Лубендегі ауыз су құрылысы жұмыстарына 196 млн.784 мың теңге қаражат бөлінген. Ал Тасмола халқының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі үшін 83 млн.504 мың теңге қаржы  беріліпті. Екі ауылда жұмыс ойдағыдай, жұмыс кестесіне сай жүруде.  Кейін Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігінде бой көтерген 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты.

Жаңа үйлердің  қазіргі кезеңдегі талапқа сай болатындығын, су, газ, жылыту жүйесіне бірден қосылатындығын айтқан аудан әкімі А.Есалиев аудан орталығындағы ауылішілік жолдарды да көрсетті.

Облыс әкімінің  орынбасары Бағдат Азбаев сол күні Шыңғырлау ауданының тарихи-өлкетану орталығында болып, мұндағы құрылыс  жұмысымен айналысушы  мердігерлермен  кездесті.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале