28.05.2020, 10:45
Оқылды: 38

Шыңғырлауда төтеншеліктер жастармен бірігіп, бала қауіпсіздігіне қатысты рейд ұйымдастырды

Соңғы кездері елімізде кішкентай балалардың қараусыз қалуы себепті салдары ауыр оқиғалардың орын алуы жиілеп кетті. Кішкентай бөбектердің терезе жақтауларына шығып кетіп, құлап кетуі қайталанып тұр.

8053B3AE-A441-469D-9BBE-BCFE045225BE

Бұл алдымен ата-аналардың бейқамдығы мен жауапсыздықтарын көрсетсе, екіншіден баланы бәр сәт болса да көзден таса етпеу қажеттігін тағы бір мәрте есімізге салғандай. Балалардың жарақаттануы, әсіресе карантин кезінде көп байқалған. Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғаларынан әсіресе 3-7 жастағы бүлдіршіндер зардап шегуде. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндіре алмайды.

920CA47C-427C-4490-AA11-CCCB2469C881

Отбасын бақытсыздыққа душар ететін осындай тосын жағдайлардың алдын алу, өткір мәселеге назар аудару, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертуді мақсат еткен Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары бірлескен рейдтік шаралар өткізді.

CB0DF61F-6168-4452-A7B2-43ED111079A5

Рейд барысында мамандар аудан орталығында орналасқан екі қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындармен кездесіп, әңгімелесті. Олар ата-аналарға өте сақ болуды және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауды ескертті.                                                                                         

Назым Айқын

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале