16.03.2018, 12:45
Оқылды: 16

Су қоймаларын аралады

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев жұмыс сапарымен Ақоба ауылдық округінде орналасқан Әбділман және Соркөл жайылмаларында болып, аталған бөгеттерде биылғы қар суының жиналу мөлшерін, онда орнатылған қақпалардың қалыпты жағдайын қадағалады.

«Қазсушар» РМК Жәнібек аудандық пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлан Жүнісовтың айтуынша, аталған жайылмаларды реконструкциялау нысанының құрылыс жұмыстары «ОралСтройИнвест» ЖШС құрылысшыларының күшімен былтыр жүзеге асырылған. Су жайылмаларында болған сапары кезінде аудан басшысы жағалары кеңейтіліп, плиталар төселген, дамба орнатылған гидротехникалық құрылымдарды аралап, бөгеттерге жиналатын су деңгейін мөлшерледі.

-Қазір бұл қоймаларға келетін судың деңгейі тұрақты бақылауда. Қар суының жиналуына сәйкес лимандық жайылмаға су беріледі. Мұның өзі шөптің мол мөлшерде шығып, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға тигізер пайдасы көп,-дейді Нұрлан Қабашұлы өз сөзінде.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале