8.07.2020, 9:57
Оқылды: 112

Сырым ауданына 3 оттегі концентраторы керек!

-  Сырым ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 132-ге жетті. Науқастың дені - Жымпитыдан, - деген ақпарат берді ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанова.

55075923-353C-49AD-9318-9B95AA75AD77

Қазір науқастарды оқшаулау және емдеу үшін Жымпитыда, бұрынғы туберкулез ауруханасы ғимаратынан 30 адамға арналған провизорлық бөлім ашылды. "Сырым" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандары Елорда күніндегі демалыстарын ысырып қойып, 1 күннің ішінде ғимараттың су жүйесін жаңартып берді. Су жылытқыш қондырылып, әжетхана, жуынатын бөлме қалпына келтірілді. Барлық палатаға ауыз су барып тұр.

CEA4A4AF-48B2-4E94-B3C1-45DD640387D9

Кереует, төсек, ыдыс-аяқ Бұлан ауылдық округіндегі "Достық" жазғы демалыс лагерінен көшірілді.

Сырым аудандық орталық ауруханасының басшысы Роза Тахамбетованың берген мәліметіне сүйенсек, провизорлық бөлімде 2 дәрігер, 10 орта буынды және 10 кіші буынды медицина қызметкері еңбек етіп жатыр. Адамдарды аурудан арашалаймыз деп жүріп, дәрігерлердің өзі індеттің ілмегіне ілінуде. Қазіргі уақытта Сырым ауданында 2 дәрігер, 9 орта буынды медицина қызметкері КВИ жұқтырған. Аз емес. Мамандардың дертке шалдығуы аудандағы медициналық қызметтің әлсіреуіне әкелмей қоймайды.

7555B3BE-733B-4FFD-A8E1-B3074ADCBC57

Науқас үшін ең алдымен мықты иммунитет, сосын ем керек. Дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу жұмыстары жасалуда. Ал Сырым ауданында медициналық аппараттар жағынан тапшылық бар. Мәселен, дәл қазір ауданға 3 дана оттегі концентраторы керек. Ауырған адамды Оралға сабылтпай, уақыт жоғалтпай, дертін асқындырмай, аппаратқа жатқызса - өмірін сақтауға мүмкіндік көбейеді.

01C1CCC9-C608-458C-95D1-6BBFDCD5BD1A

Аппаратты билік те сатып алар еді. Бюджеттік кодекс деген бәле бар. Ұсыныс көтеріліп, шешім шығып, қаржы бөлінгенше 2020 жыл бітуі мүмкін. Жыл ештеңе емес, аппарат болмағасын адамдардың тіршілік демі де бітуі мүмкін. Ол адам біздің жақынымыз, тіпті өзіміз болуымыз ғажап емес. Коронавирус хан-қара, жас-кәрі деп таңдап жатқан жоқ!

AB969AD0-FD89-467D-B7D7-F6ED23954814

Тоқетері, оттегі концентраторын өзіміз үшін өзіміз сатып алуымыз керек. Бағасы - 1 миллионның үстінде. Алланың қалауымен, 1 аптада 2 миллион жинаған Сырым елі емеспіз бе, мүмкін, қолымыздан келер

Айтпақшы, Оралда бір кәсіпкер көпбейінді аурухана осындай аппараттың 3 данасын алып беріпті. Жаңақаланың жігіттері де сондай сауапты амал жасап жатыр. Сырым ауданында ондай жомарттар жоқ па? Төле би "Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін!" - деп еді. Пайдасын тигізетін азамат жігіттер бар шығар елде.

Аудандағы эпидахуал туралы толық материал "Сырым елі" газетінің осы аптадағы санында шығады. Сол кезде есепшотты жариялаймыз. Әзірге, нақты ой ұсынысы бар адамдар 87055121644 WhatsApp номеріне жаза берсін. Бір ескеретін жайт! Әр күн бір адамның өмірімен өлшенуде. Жеделдетейік!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале