18.02.2019, 12:36
Оқылды: 33

Сырым ауданында былтыр 22 өрт оқиғасы тіркелген

Сырым ауданында тұрғын үй секторының өрт қауіпсіздігі күніне орай «Тоқта! Улы газ!» атты акция өтті. Акция барысында Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, жергілікті полиция қызметі мен Сырым газ шаруашылығының өкілдері және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының еріктілерінен құралған 4 топ аудан орталығындағы тұрғындар көп шоғырланған жатақхана, көп пәтерлі тұрғын үйлерде болып, тұрғындарға өрттің алдын алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

syrym (2)

 

         Сырым ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ерген Тасқалиевтің айтуынша, 2018 жылы Сырым ауданында 22 өрт оқиғасы орын алған. Оның ішінде, 14 оқиға тұрғын үй секторында тіркелген. Газдың себебінен адамдардың улану не болмаса нысандардың өртену оқиғалары болмаған.

         -Тұрғын үй секторындағы өрттер көбіне ескірген электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, от жағатын үйлердегі пеш мұржаларының тазаланбауынан болып жатады. Акция барысында байқағанымыздай, тұрғындар көбінесе газды ас үйде пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын ескермейді екен. Газ құрылғылары қабырғаға жақын тұр. Түсқағазға не болмаса пластикалық жабындарға жалын тисе, үй әп-сәтте күлге айналады. Төтенше жағдайды ескертетін дабылқаққыштарды электр тоғынан ажыратып қоятын, үйдің ішінде шылым шегетін тұрғындар бар. Біздер тиісті талаптарды түсіндіруден жалықпаймыз! Бірақ, үйінің, басының амандығы ең әуелі адамдардың өзіне керек қой, -дейді маман.

         Акция аясында Жымпиты бойынша 560 үй және 2700 тұрғын түсінік жұмысымен қамтылды. Түсіндіру шаралары ауданға қарасты басқа ауылдық округтерде де өтеді.

syrym (4)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале