18.09.2018, 11:28
Оқылды: 22

Сырым ауданында екі ауылдық округтің дербес бюджеті бар

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, 2018 жылы аудан бюджеті 4339,6 млн теңге көлемінде жоспарланып, өзіндік кірістер бойынша 8 айға жоспар 279,2 млн. теңге болып белгіленсе, нақты 331,6 млн теңге көлемінде немесе 52,4 млн. теңгеге артық орындалды. Өзіндік кірістердің жылдық жоспары 461,2 млн. теңге, немесе жалпы кірістердегі үлесі – 10,6%-ды құрап отыр.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес халық саны 2000-нан асатын екі ауылдық округте, атап айтсақ Жымпиты ауылдық округі мен Бұлдырты ауылдық округіне өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Жаңа қаржылық саясат ауыл халқының қаржысының жұмсалуына тікелей араласуына мүмкіндік бермек.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале