29.04.2017, 16:59
Оқылды: 60

Сырымда бишілер фестивалі өтті

Screenshot_2017-04-30-06-57-08-1Бүгін Сырым ауданында «Мейірімді көктем» акциясы аясында 29 сәуір – Халықаралық би күніне орай би ұжымдарының арасында «Би – ғажайып әлем» фестивалі өтті.


Фестивальге ауданның үздік би ұжымдары қатысты. Орталық алаңда алдымен салтанатты марапаттау шарасы оздырылды. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейісов құттықтау сөз сөйлеп, ауданымызда би өнерін дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген би ұжымдарының жетекшілеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Марапаттау рәсімінен соң Үлгілі «Жауқазын»,«Аружан», «Айналайын» және «Айша бибі», «Айкөркем», «Балауса» би топтары биден шашу шашты.

Өнердің ең нәзік, сыршыл түрі бидің қыр-сырын жетік меңгерген би топтары бұл күні тілмен жеткізе алмайтын жайтты, бимен жеткізіп берді. Оған дәлел - «Айналайын» би тобының (жет. Гүлшат Нұрмұханова) «Аңшылар» этнобиін, үлгілі «Аружан» би тобының (жет. Айнагүл Сарғозиева) қазақ қыздарының сұлулығын бейнелейтін «Сылқым сұлу» биін,  үлгілі «Жауқазын» би тобының (жет. Бақтығаным Жұмағалиева) «Фламинго» биін нақышына келтіріп орындаулары. Аталған би топтары - тек қана аудан көлемінде емес, облыстық, республикалық байқауларда аудан намысын қорғап жүрген танымал өнерпаздарымыз.

Мерекелік шара барысында аудандық Мәдениет үйінің Н.Байнияз, А.Жұма, Г.Упағалиева, Н.Болат, Б.Қанатов сынды әншілері шараны əсем əнмен көркемдеді.

Үміт Ізтелеу

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале