15.06.2019, 15:18
Оқылды: 142

Сырымда медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде  салтанатты шара мен "Қазақ соқырлар қоғамының БҚО филиалының "Мейірімділік жолымен" атты жобасы аясындағы "Жүректен жүрекке" атты концерті өтті.

IMG-20190615-WA0015
Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев:
– Қазақта "бірінші байлық –денсаулық" деген сөз бар. Басты байлығымызды сақтауда дәрігерлер қауымының еңбегі ұшан-теңіз.

IMG-20190615-WA0016

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, демеу болатын сіздерсіздер. Біздің ауданда қызмет еткен дәрігерлер бүгінде облыс, республикада тәжірибесімен бөлісіп жүрген білікті маман атануы біз үшін мақтаныш. Өткен жылы 4 елді мекен күрделі жөндеуден өтсе, биыл 2 елді мекенге жаңадан жедел жәрдем көлігі тапсырылғалы отыр,- дей келе, ақжарма тілегін жеткізді.

IMG-20190615-WA0026
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін Сырым ауданы әкімінің және "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының алғысхатымен марапаттады. Олардың ішінде Бибігүл Идиятова, Миргүл Сарғозиева, Бибінұр Оразаева, Айнұр Сариева, Ләззат Мұқанова бар.

IMG-20190615-WA0021
Сырым аудандық ауруханасының директоры Роза Тахамбетова әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Оның айтуынша, ауданда медицина саласында 350 адам еңбек етсе, олардың ішінде 28-і дәрігер, 188-і орта буынды медицина қызметкерлері.  Жаңадан флюрограф, рентген, ИВЛ, басқа да аппараттар алынған. Қособа ауылында медицина қызметкерлері күніне орай "Медицина қызметкерлеріне арналған Құрмет тақтасы" ашылған.

Роза Құттықожақызы Асхат Дүйсенғалиев, Сәбит Жонысов, Дария Мүтиева, Гүлмира Төлеуғазиева, Ержан Нуфтиев, Арман Нахуов, Жаңылғаным Ғатауова, Бибігүл Мұқанова, Сәбила Өтепова, Гүлбақша Мақсотқызын марапаттады.
Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мұқанова сала мамандары Гүлбану Мәулетова, Бибінұр Мұхамбетжанова, Әлия Хамидуллинаға алғысхат табыстады.
"Ұлттық сараптама орталығының" Сырым аудандық бөлімшесінің басшысы Серік Жақсылықов  мерекеге орай Қамария Молдашева, Айгүл Гумарова, Мәдина Фазылова, Бағдагүл Ерғалиева, Нұрғайша Жұмағожиеваларды марапаттады.

IMG-20190615-WA0020

Жымпиты обаға қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Гүлжанат Усманова әріптестері Бейбіт Өтепқалиев, Әнуар Шагиев, Азамат Изимовтарға алғыс хат табыс етті.
Шара әрі қарай "Мейірімділік жолымен" жобасы аясындағы "Жүректен жүрекке" концертімен сабақтасты. "Қазақ соқырлар қоғамы" бірлестігінің көркемөнерпаздар мүшелері, құрылғанына 50 жыл толған зағиптар және нашар көретіндердің  облыстық кітапхана оқырмандары өнерімен тәнті етті.

IMG-20190615-WA0025
Концерттен соң, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Қарагөз Боранбаева мен "Қазақ соқырлар қоғамы" бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы міндетін атқарушы Ибатолла Хамзинге ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Аудан әкімі Т. Төреғалиевке И.Хамзиннің алғыс хаты тапсырылды. Төлеген Серікқалиұлы жоба үшін арнайы жасалған жүректің макетіне
өз қолымен тілегін жазып қалдырды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале