19.07.2019, 18:25
Оқылды: 209

Сырымдық дəрігерлер ұлдарды тегін сүндеттеуде

Сырым аудандық ауруханасының директоры Роза Тахамбетованың бастамасымен  16-20 шілде аралығында акция жүріп жатыр. Бұл акцияның ерекшелігі сол – көп балалы жанұялардың балалары тегін сүндеттелуде.

Syrym sundetteu

Балаларды сүндеттеп жатқан қолы жеңіл хирург-дәрігер Қасым Бисенғалиевке ата-аналар дән риза. Аурухананың, хирург дәрігердің атына алғыс айтып, пікір жазып қалдырып  жатқандар бар.

Сырым аудандық ауруханасының хирург-дәрігері Қасым Мақсотұлы ата-анасының жағдайы келмегендіктен, жасы оннан асқанша сүндеттелмей жүрген балалар бар екенін айтады.  

– Сүндеттеу жасы - негізінен 5 пен 9 жастың арасы. Онға толып кеткен ұлдар сүндеттеуге ересек болып саналады екен, әрі  мұндай балалар өздері құралыптас балалардан ұялады. 16 шілде күні басталған акция күніне 2-3 ұлдан қамтуда. Олар Жымпиты, Өлеңті, Қосарал, Көгеріс ауылдарынан келді. Бала жаз мезгілінде  сүндеттеледі, себебі ашық жара болғандықтан, суық тиіп, асқынып кетуі мүмкін. Әрі бір жағынан каникул кезі өте ыңғайлы уақыт, - дейді хирург дәрігер.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале