16.03.2019, 13:46
Оқылды: 25

Сырымдық оқушы облыстық Қадыр оқуларынан бас жүлде алды

Облыстық байқауға барлығы 45 бала қатысқан.

IMG-20190316-WA0017_crop_721x510

Сырым ауданынан қатысқан Темірлан Маратов бас жүлдені қанжығаға байлады. Ол былтыр бастауыш сыныпта  Қадырдың 70 өлеңін жаттап, аудандық байқаудан бас жүлде алса, биыл мектепішілік байқауда 200-ге жуық, аудандық байқауда ақынның 200-дің үстінде жатқа оқып, үздік көрінді. Ал облыстақ байқауға 5-сынып оқушысы Темірлан  Қадырдың 371 өлеңін жаттап барды. Енді республикалық кезеңге 400 өлеңін жаттап бармақшы.

Темірланді байқауға дайындап жүрген ұстазы – Қ.Мырзалиев атындағы мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Батырова.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале