16.05.2019, 11:27
Оқылды: 77

Сырымдық оқушы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

1-6 мамыр күндері Ақмола облысы Щучинск қаласында спорттық бағдарлаудан кросс, велокросс бойынша халықаралық «Бурабай -2019» жарысы өтті.

 Жүлдегерлер

Айта кетейік, жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Спорттық бағдарлау федерациясы, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған.

Жарысқа ҚР-ның 8 облысынан, көршілес Ресей, Қырғызстан және Марокко мемлекетінен барлығы 360 спортшы қатысты.

Аталмыш жарыста облыс атынан Сырым ауданынан спорттық бағдарлау үйірмесіне қатысатын Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің 6-сынып оқушысы Аяулым Сырымбет және Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Гулнафис Базарбаева және аудандық жас туристер станциясы мекемесінің педагогы Бейбіт Батыршин қатысты.

 Бес күндік жарыстың нәтижесінде Бейбіт Ахметұлы велокросс қашықтығында жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ал қыздар халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале