28.01.2019, 17:32
Оқылды: 75

Тайпақтық спортшылар самбошы Армат Қабдоловпен жүздесті

Самбо күресінен еліміздің, Азияның чемпионы, дзюдодан Қазақстанның қола жүлдегері, былтыр Грузияда жастар арасында самбодан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан түлеген Армат Қабдолов өз ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттерімен жүздесті.

IMG-20190128-WA0003

         Армат Расулұлы кім-кімге де аса қажет табандылық, саламатты өмір салты, еңбексүйгіш аға-апалардан үйрену жарқын тағдырға жол ашатыны жайында айтып, өзінің спорттағы жетістіктері қол жеткенге тоқмейілсімеудің, сәтсіздіктерге мойымаудың арқасы екенін әңгімеледі. Тайпақтағы алғашқы бапкері Әсет Ғабдолов, Оралдағы жаттықтырушысы Мейірім Базаров сыңды жандардың еңбекқорлық өнегесі өзіне әрдайым қуат екенін баяндап, балғын спортшылардың сұрақтарына жауап берді.

         А.Қабдолов облыс орталығындағы педколледждің спорт факультетінің соңғы курсында оқиды, бүгінде Тайпақтағы Құрман Байсықов атындағы мектепте машықтанудан өтуде.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале