29.11.2019, 22:16
Оқылды: 92

Талапкерлер «Қоржын» мал сою кешенінде

«Бастау бизнес» жобасының алтыншы легінің қатысушылары Жанат Тлесовамен бірге «Қоржын» ШҚ иесі кәсіпкер Құсайын Ізімұлының «Қоржын» мал сою кешеніне барды.

 qaratobe (1)

Бизнес бастауға ниетті қатысушылар кешенде күнделікті жұмыс барысын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты. Жолдасының кәсібіне қолдау танытып жүретін Баян апай қатысушыларды жылышырай қарсы алып, жұмыс кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кәсіпкерлік саласына енді қадам басқалы отырған талапкерлер өздеріне үлкен тәжірибе алып, қызметкерлердің бір еңбек күніне куә болды.

  Айта кету керек «Қоржын» мал сою кешені. Аусымына 30 бас ірі қара соятын мал сою қосыны мен 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы, мал өнімдерін сапалы дайындау, жоғары сапалы ет өнімдерін өндіру мақсатын көздейді.

Аудан халқын сапалы мал өнімі етпен қамтамасыз етіп отырған кешен ветеринариялық талаптарға сай лабороториялық құралдар, ет сақтайтын мұздатқыш бөлмелері, тоңазытқыш, мал дәрігері бөлмесі, зертхана т.б. кабинеттермен жабдықталған.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале