31.05.2018, 16:54
Оқылды: 39

Тасқала ауданында жерлестер форумы өтті

Тасқала ауданы Оян ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жерге тағзым» атты  жерлестер форумы өтті.

Алдымен ат басын елге бұрған түлектер ауыл шетіндегі түнде сәуле шашып тұратын «Менің жүрегім Оян» белгісінің ашылуына қатысты. Аталмыш жоба 10 жылдық мектеп бітірушілердің демеушілігімен іске асты. Оның құны 400 мың теңгені құрайды.

Одан әрі түлектер  мен ауыл тұрғындары Ұлы отан соғысында қаза тапқандарға арнап бой көтерген ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Содан соң мектеп ауласында ұйымдастырылған соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

Айта кету керек, мектеп бітіргендеріне қырық жыл болған түлектер мектепке  220 мың теңгеге 10 домбыра мен подставканы салтанатты түрде табыс етсе,  мектеп бітіргендеріне  жиырма бес жыл болған түлектер де 230 мың теңгенің домбырасын сыйға тартты. Ал бес жылдық түлектер  мектепке 230 мың теңгенің спорттық формасын алып берді.

ОЯН (1)Шараға жиналғандар мектеп ауласындағы ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен балаларға арналған ойын алаңының ашылуын тамашалады. Қосшы ауылдық округінде ірілі-ұсақты барлығы 30 шаруашылық тіркелген. Сол кәсіпкерлердің демеушілігімен мектеп ауласында балаларға арналған әдемі ойын қалашығы бой көтерді. Жоба құны 1,5 млн.теңгені құрайды.

Одан әрі қонақтар аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа бой көтерген жаңа стадионның ашылуына қатысты. Стадионда жаз бойы оқушылар футбол, волейбол, баскетбол түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға қатысып, спортты дамытуға өз үлестерін қосатын болады.

Содан соң 1998 жылғы мектеп бітірген 20 жылдық түлектердің қолдауымен күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан  жаңартылған мектеп мұражайының,  30 жылдық түлектердің бастамасымен жаңартылған акт залдың ашылу рәсімі өтті.

Кейін форумға жиналған қонақтар ауыл тарихынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, мектеп оқушылары жаңа сахнада өнерлерін ортаға салды. Осылайша жерлестер форумы түсқайта 30 жылдық түлектердің «Ретро» әндерден ұйымдастырған мерекелік кешімен аяқталды.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале