13.04.2018, 12:49
Оқылды: 34

Тасқала спортшылары облыстық додадан жүлделі оралды

Гір спорты және қол күресінен өткен облыстық додада жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрініп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Оған қатысқан 11 команда спортшылары да өз мықтылықтарын танытып бақты.

Нәтижесінде 65 кг салмақта бақ сынаған Ә.Хайршақов ІІІ орынға табан тіресе, 85 кг салмақта Б.Ахметқалиев ІІ орынға қол жеткізді. Ал 80 кг салмақта А.Хайршақов ІІІ орынды қанжығасына байласа, осы салмақта І орыннан  көрінген Ж.Нұғманов республикалық кезеңге жолдама алды.

Жалпы командалық есепте Орал қаласы мен Қаратөбе ауданының спортшыларынан кейін тасқалалықтар ІІІ орынға ие болды.

Әсем Серікқали,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале