14.12.2018, 11:05
Оқылды: 65

Тасқалада «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер берілді

Тасқала ауданының орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 7 үйдің кілті көп балалы ана, мүмкіндігі шектеулі, дәрігер және өзге де баспанаға мұқтаж жандарға салтанатты түрде табыс етілді.

tasqala ui (5)

Бұл рәсімге облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов арнайы қатысып, баспанаға ие болғандарды құттықтады. Сондай-ақ, аудан әкімі Алдияр Халелов, мердігер «КДС» ЖШС директоры Бағия Жүнісовалар ауылдастарына ізгі тілектерін жеткізді.

Баспаналы болғандар атынан аудандық аурухананың дәрігері Нұрсая Атабаева лебізін білдірді.

         Облыстан келген өкілдер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жаңа заманға сай жабдықталған, яғни, трансформациялаудан өткен мекемесінің жұмыс барысымен танысты. Бұл мекеменің басшысы Бәтима Кентоғаеваның айтуынша, мұнда электрондық кезек, өз-өзіне қызмет көрсету, жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер аймақтары жабдықталған.

 tasqala ui (1) tasqala ui (2) tasqala ui (3) tasqala ui (4) tasqala ui (6) tasqala ui (7)

Гүлнәр ТАСБОЛАТҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале