23.11.2017, 12:13
Оқылды: 15

Тасқалада туризмнен облыстық жарыс өтті

 

Тасқала ауданында тау туризмі техникасынан академик Т.Жездібаевті еске алуға арналған оқушылар арасындағы облыстық дода мәреге жетті.

Оқушылардың шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорттық жарысқа барлығы 14 команда қатысып, өзара сынға түсті.

Төрт күн бойы спортшылар «Командалық», «Жеке», «Байлам» және «Эстафета» секілді кезеңдерде бақ сынады.

Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі І орынға облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының оқушылары ие болды. Ал ІІ орынға Ақжайық ауданы командасы табан тіресе, ІІІ орынды Жәнібек ауданы командасы қанжығасына байлады.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале