28.02.2017, 15:50
Оқылды: 18

"Театр-кино әлемінің  ханшайымы"

 

Дәл осындай атаумен Қазталов ауданындық жастар демалыс орталығында әдеби кеш өтті. Кеш дара дарын иесі  Хадиша Бөкееваның туғанына100 толуына арналды.


Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев өнер мен ел хақында ой қозғады.

- Хадиша апамыз өнердің бірегей тұлғасы. Біз қазақ өнерін биікке көтерген тұлғаның өзіміздің жерлесіміз болғанын мақтан тұтамыз. Ол  Сарыөзеннің топырағынан  нәр алып, киелі өнердің жұлдызына айналды. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтар арасынан Хадиша апасындай өнерлілер шықса екен.

Сонымен қатар кеште "Әжелер" ансамблі арнайы қойылым дайындап, көрермен назарына ұсынды.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале