12.01.2021, 15:05
Оқылды: 84

"Теректі ауданының құрметті азаматы" атағы табысталды

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Владимир Вислин мен Владимир Самсоновқа "Теректі ауданының құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды.

 курмет

Марапаттау салтанатына Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов қатысып, қос азаматқа құрмет көрсетті.

Владимир Вислин 1958 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын өндірістік оқыту шебері болып бастап, әр жылдары инженер-механик, бас механик, "Орал жолдары" ААҚ өндірісті дайындау бөлімінің басшысы, "Астрадор" ЖШС атқарушы директоры секілді лауазымдарда болған. Ауданның қоғамдық жұмыстарына елеулі үлес қосып жүрген Владимир Иванович көпсайыстан спорт шеберлігіне үміткер.

Ал Владимир Самсонов еңбек жолын 1971 жылы Чапаев атындағы флотта жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары "Томск" теплоходында штурман, "Дизельпром" ЖШС және "Судоремонтный завод" ЖШС-де директор болып қызмет еткен.

Қос азаматты аудан басшысы құттықтап, халық игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әділет Зере,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале