13.05.2019, 10:04
Оқылды: 62

Теректіде 36 отбасы баспаналы болды

Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға Елбасының «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес«Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілті табысталды.

 IMG_0056

         Үш қабатты 36 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін теректіліктерге аудан әкімі Әділ Жоламанов салтанатты түрде берді. Пәтерлердің 14-і көп балалы отбасыларға берілді. Құрылыс жұмыстарын «Альтаир» ЖШС жүргізген болатын.

         -Бүгін теректіліктер үшін өте қуанышты күн. Қасиетті Рамазан айында аудан халқы баспаналы болып, қуанышқа кенелуде. Федоров ауылындағы үш қабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, ендігі кезек Ақжайық ауылындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйге келеді. Одан соң Подстепный ауылында да халық игілігі үшін баспана салу жұмыстары басталатын болады. Жоспарда атқарылар шаруа көп, тек оған шыдамдылық пен халықтың қолдауы қажет. Бүгін үйлі болып, шаттыққа кенеліп отырған барша теректіліктерді құттықтаймын,- деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

         Пәтер кілтін алғандардың дені көп балалы отбасылар. Федоров ауылының тұрғыны Ақтілек Қапиева алты баланының анасы. Пәтер жалдап, сенделіп шаршаған ана үшін бұл керемет жаңалық.

         -Қуанышымда шек жоқ. Осыған дейін пәтерден пәтерге көшіп, қиындықты көп көрген болатынбыз. Енді өзіміздің шаңырағымыз бар. Сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Қарапайым халық үшін, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жұмыстанып жатқан облыс, аудан басшылығына аналық алғысымды білдіремін,-дейді Ақтілек Төлеуқызы.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

1 IMG_0052 IMG_0062 IMG_0068

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале