6.07.2020, 11:33
Оқылды: 128

Теректіде спорт алаңы іске қосылды

Елорда күніне орай Теректі ауданында екі бірдей жаңа нысан іске қосылды.

2565D25D-9D04-432A-8AA3-D65B8D44F8FB

Түске дейін Шаған ауылдық округінің орталығы – Жаңа Өмір ауылында ашылған балабақшаның қуанышы түс қайта Ақсоғым ауылдық округінде жалғасты.

Осы округке қарасты Үлкен Еңбек ауылында су жаңа спорт алаңы ашылып, халық игілігіне берілді.

Жаңа спорт алаңы - ауыл тұрғындарының көптен күткен жақсылығы.

Алаң шағын футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған. Нысанды салған ауыл азаматы - «Үш ана» жеке кәсіпкерлігінің қожасы Райымбек Бисенғалиев жергілікті бюджеттен спорт алаңын салуға бөлінген 6,5 млн. теңгені шашау шығармай игерген.

D1FEE0B2-F8BA-41D3-B940-BF7AA5A01933

Ауылдық жерде спорттың бұқаралық болуына  мүмкіндік беретін алаңның ашылуына арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, ауыл ақсақалы Есен Мұратов құттықтау сөз сөйледі.

861DC9E9-9502-43E4-BE31-21B5B06910A8

Жеке сақтану шараларын орындай отырып өткізілген спорт нысанының тұсаукесер рәсімінен соң ауылдың спортсүйер жастары жасыл алаңды игеруге кірісті.  Өткен жылы Аңқаты, Жаңа Өмір, Покатиловка ауылдарында осындай нысан салынған кезде қызыға қараған халық енді өз ауылында да спортпен белсенді шұғылдануға жағдай жасалғанына қуанышты.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале