13.05.2019, 16:12
Оқылды: 29

Теректіде тағы бір мешіт бой көтермек

Қасиетті Рамазан айында Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында салынғалы жатқан мешіттің қазығы қағылды.

         Рәсімге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан имамы Еркінбек Ебелекқажиев, кәсіпкерлер, подстепныйлық жамағат және БАҚ өкілдері қатысты.

         Игі шарада облыс имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы Құран оқып, дұға тілесе, аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы болашақтың қамын ойлап, мешіт тұрғызуды қолға алған азаматтарға алғысын айтты.

         Подстепный ауылының тұрғыны Тілеген қажы сауабы мол іс атқарғалы жатқан жандардың барлығына риза болып, бата берді.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале