5.07.2018, 16:09
Оқылды: 51

Теректіде үздік жас отбасы анықталды

Terekta otbasy (1)Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында Теректі ауданында «Үздік жас отбасы – 2018» байқауы өтті. Оны «Іс үшін – За дело» ЖҚБ және аудандық мәдени-демалыс орталығы бірлесе ұйымдастырды.


Байқауға 20-29 жас аралығындағы жас отбасылар қатысты.  Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, салт-дәстүрімізді ұлықтаған шараның бәсі бөлек болды. Жас отбасылар алдымен өз жанұяларын таныстырса, одан соң ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетті. Олардың ең мықты дегені әлеуметтік желілер бойынша лүпіл (лайк) басу арқылы анықталды. Сайыста фотокөрме, өз өнерлерін көрсету, жағдаяттық сұрақтар секілді бағамдар болды. Ең бастысы, жас отбасылар Астана қаласына өз қолдарымен жасаған тартуларын ұсынып, байқаудың дәрежесін тағы бір мәрте көтерді.

Terekta otbasyӘділ қазылар алқасы байқаудың бас жүлдегері етіп ақсоғымдық Қалиевтер отбасын таныды. Бұл отбасы жан-жақтылығымен көрермендерді тәнті етіп, өнер көрсету бағамында отбасының әр мүшесі түрлі ұлттың билерін орындау арқылы көзге түсті. Федоров ауылының намысын қорғаған Қабиевтер отбасы І орын, ақжайықтық Круымғалиевтер отбасы ІІ орын, шағатайлық Кеңесовтер отбасы және тағы бір Федоров ауылынан қатынасқан Бахтияровтар отбасы ІІІ орынға ие болды.

Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар ұсынылса, жеңімпаз атанған отбасыға кір жуғыш машина сыйға тартылды.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале