14.01.2021, 11:49
Оқылды: 58

Теректілік Мұратжан – олимпиада жеңімпазы

2020-2021 оқу жылы оқушылар мен студенттер елiмiздегi эпидемиологиялық ахуалға байланысты қашықтан бiлiм алуға кɵштi. Бүгінде санитарлық талаптарды орындап, кезекшi сыныптарда оқып жатқан бүлдiршiндерге де оңай емес. Десек те, балалардың болашағы үшiн тыным таппастан еңбектенiп жатқан бiлiм беру саласының қызметкерлерiнiң табанды еңбегiн елемеу мүмкiн емес. 2020 жылдың соңында қуанышты хабар естiдiк.

 Мұратжан 1

Теректі ауданына қарасты Федоровка қазақ жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнiң 5-сынып оқушысы Мұратжан Бақтан қазақ тiлi пəнiнен республикалық олимпиададан жүлделi I орынды қанжығасына байлап, ұстаздарын бiр марқайтып тастады.

Мектепiшiлiк олимпиадада математика, қазақ тiлi, жаратылыстану, ағылшын, тарих пəндерiнен I орын алған Мұратжан Тiлепұлы аудандық кезеңде де бiлiмiнiң арқасында I орын тұғырынан кɵрiнген.

12 аудан мен Орал қаласының ең мықты шəкiрттерi ой жарыстырған облыстық кезеңде де Мұратжанның айы оңынан туып, аудан намысын қолдан бермедi.

Қазақ тiлi пəнiнен жетекшiсi, Федоровка қазақ орта мектебiнiң қазақ тiлi мен əдебиетi пəнiнiң мұғалiмi Салтанат Урбисинова даярлаған Мұратжан олимпиаданың республикалық кезеңiнде I орын алған 9 шəкiрттiң қатарын толықтырған.

Оқуда озат Мұратжан қоғамдық жұмыстарға да белсендi. Домбырада ойнайды. Каратэның қыр-сырын меңгеремін деген талпынысы бар. Мəнерлеп оқудан кɵптеген сайыстардың жеңiмпазы. Футболға да қатысады. Сонымен қатар облысқа танымал, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты халықтық "Ɵркен" вокалдық тобының (жетекшiсi Гүлназ Құсайынова) мүшесi.

Таудай талабының арқасында мектебiнiң мақтанышына айналған Мұратжан бiлiм нəрiмен сусындатқан ұстаздарына дəн риза.

 

Аягɵз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале