23.10.2018, 10:49
Оқылды: 59

«Туған жер» этно-мәдени жобасы Қаратөбе ауданында

«Жайық Пресс» медиахолдингі өкілдері «Туған жер» этно-мәдени жобасы аясында Қаратөбе ауданына ат басын тіреді.

qaratobe (3)

 

Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды іске асыру мақсатында қолға алынған. «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов бастаған қонақтар алдымен аудан орталығындағы жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиев пен академик Қажым Жұмалиевтің ескеркіштеріне гүл шоқтарын қойды. Одан әрі делегация мүшелерін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қабылдады.

Қабылдаудан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Рауан Сәбитұлы аудан ардагерлерімен, облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сәкен Әбілхалықов Қаратөбе колледжінің ұжымымен, облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова Қаратөбе мектеп-гимназиясының ұстаздарымен, ҚР ең жас білім беру саласының үздігі Дәурен Сағынғалиев аудан орталығындағы Мұхит атындағы мектептің және Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Кездесулерде оқырман мен медиахолдинг арасындағы көпірді нығайту, газеттегі мақалалардың сапасы мен түрлі ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, осы мезетте 7-11 сынып оқушыларының арасында облыстық «Өрімтал» жас тілшілер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен қорытынды гала-концерт өтті.

Қорытынды кеште облыстық және аудандық басылымдарға жазылуға жан-жақты қолдау көрсеткен үшін Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев, Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев медиахолдингтің алғыс хаты мен арнайы сыйлығына ие болды.

Облыстық және аудандық басылымдарға жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген жеке кәсіпкер Гүлнар Мусаеваға медиахолдинг атынан 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, басылымға жанашыр жергілікті бір топ мекеме басшыларына да осындай марапат көрсетілді. Олардың қатарында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев, Қаратөбе колледжінің директоры М.Салахаден, аудандық орталық аурухананың директоры В.Елеусінова бар.

Басылымдарды оқырмандарға уақытылы жеткізетін аудандық «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері Наурызбек Рысбайұлы мен Айымгүл Жексенова да марапаттан тыс қалмады.

Аталған марапаттармен қатар, аудандық басылыммен үздіксіз байланыс жасап, үнемі мақалалар беріп келетін Х.Наурызалин, Ә.Кенжеғалиев, М.Салахаденге «Штаттан тыс тілші» куәлігі тапсырылса, аудандық басылымға өздерінің тырнақ алды өлеңдері мен шығармаларын жариялап жүрген П.Заңғали, Н.Хамитова, А.Сердалина, А.Қонароваға «Жас тілші» куәліктері берілді.

Шарада 7-11 сынып оқушыларының арасында облыстық «Өрімтал» жас тілшілер байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарының есімдері жарияланып, жүлдегерлер мен олардың жетекшілері марапатталды. Шығармалар байқауының І, ІІ, ІІІ орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.

 Шара кезінде «Қазпошта» аудандық торабы бөлімшесінің қызметкерлері облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» және аудандық «Қаратөбе өңірі » газеттеріне 2019 жылға жазылу жүргізді. Алғаш болып басылымдарға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Кенжеғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жақанов жазылып, жазылуды айғақтайтын арнайы түбіртектер табысталды.

Марапатқа толы шараны Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздары әсем әндерімен әрлеп, кештің сәнін еселей түсті.

Халық пен төртінші билік арасын нығайтуды мақсат еткен жобаның ұйымдастырушыларына аудан халқы ризашығын білдірді.

qaratobe (1) qaratobe (8) qaratobe (10)

qaratobe (9)

qaratobe (2) qaratobe (5) qaratobe (6) qaratobe (7) qaratobe (11)

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ, Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале