16.06.2017, 14:49
Оқылды: 19

Тұқымдық түрлендірумен қамтылуда

Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев осылай дейді.

Тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша ақпараттық талдау жүйесінде 187 шаруа қожалығы мен 4 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативті қосқанда 13513 бас аналық мал, 476 бас асыл тұқымды бұқа тіркелуде. Соның 147 шаруа қожалығы 9300 бас аналықты 310 бас асыл тұқымды бұқамен қамтып, демеуқаржы алуға сәйкес болуда.

-13 шаруа қожалығы 5127 бас аналық қойды 171 бас асыл тұқымды қошқармен қамтуда. Биыл 8 шаруа қожалығы 115 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды, былтыр 5 шаруа қожалығы 56 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған болатын. Барлық ауыл орталықтарының жеке табындағы 5546 бас аналық малы 133 бас асыл тұқымды аталық бұқамен қамтылды. Жалпы алғанда, ауданның 16145 бас аналық малы тұқымдық түрлендірумен қамтылып, ол 80 пайызды құрады. Жыл басынан бері 310 бас асыл тұқымды бұқа мен 60 бас асыл тұқымды қашар сатып алынды,-дейді аталған бөлімнің бас маманы Асылбек Қамашев.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале