3.12.2019, 19:16
Оқылды: 62

«Түнгі сот» жобасы жұмыс жасауда

Уақыт зымыраған заманда адамның әрбір минуты санаулы. «Түнгі сот» – сол азаматтардың алтын уақытын үнемдеуді мақсат еткен жоба.

sot

Бұл пилоттық жоба өз жұмысын Жоғарғы Сот бастамасымен былтыр маусым айынан бастады. Түнгі соттарды құру тәжірибесі Сингапур АҚШ және басқа да бірқатар мемлекеттерде бар.«Түнгі сотта» отбасылық-тұрмыстық саладағы,ұсақ бұзақылық туралы, материалдық залал келтіре отырып, көлік құралдарының немесе басқа да мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол-көлік ережелерін бұзу туралы, жеңіл дене жарақатын салу, ұрып-соғуға қатысты, көші-қон саласындағы және басқа да әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қаралады.

Істі түнгі сотпен қарау үшін екі шарт бар: кінәні мойындау және өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға мен жәбірленушінің істі кешкі уақытта қарауға келісімдерін беруі. Жәбірленушінің келісімінсіз істі «Түнгі сотта» қарай алмайды.«Түнгі сот» жобасы бойынша істер сотта сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін қаралады.

Түнгі соттың жүзеге асырылуы тараптардың күндізгі уақытта алаңдамай, туындаған мәселелерін тиімді шешіп, күнделікті тіршілігінің қалыпты жағдайын бұзбауды қамтамасыз етуге, әкімшілік құқықбұзушылықтардан туындаған бірқатар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар түнгі соттар құқықбұзушыларға қатысты  жедел және уақтылы шешім қабылдап, жауапкершіліктен жалтаруға тосқауыл қоюға, әкімшілік қамақ көзделген құқықбұзушылықтар бойынша істерді жедел қарауға септігін тигізеді.

Әсел Салихова

Жәнібек аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале