16.07.2018, 18:06
Оқылды: 58

Тұрғындар Мәжіліс депутатына ұсыныстарын жеткізді

Akzhaik deputatyАқжайық ауданының орталығы – Чапаевта ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Снежанна Имашевамен жүздесу өтті. Еңбек ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың, түрлі саланың өкілдері жиналған бұл шараны аудан әкімі Әділ Жоламанов ашты. Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық тынысымен жиналғандарды қысқаша хабардар жасады.


Akzhaik deputaty (3)Өз сөзінде мәжілісмен Президенттің «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы жаңғыру үдерістерінің қисынды жалғасы жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясымен, Ұлт жоспарымен ұштасып жатырғанын баяндады. Онда Қазақстанның алға қарай дамуының басымдығы бар бағыттары айқындалған, атап айтқанда, нақты 10 міндет белгіленген. Ендігі мақсат елімізді Елбасы алдымызға қойған осынау биік міндеттер үдесінен шығару болып табылады. Бұл, əрине, оңай шаруа емес. Бірақ өзге жол жоқ. Себебі қазір жиі айтылатын өнеркəсіптік революцияның əрбір кезеңінде өндіруші Akzhaik deputaty (2)күштер ғана емес, өндіріс пен ғылымның тығыз ықпалдасуы туындап, дамуға жаңа мүмкіндік және серпін беріп отыр. Кәсіпкерлікті жаппай қанаттандыру, инвестиция тарту, цифрландыру, технологиялық жаңғыру ел тағдырының жарқын жолы болып табылады.

С.Имашева Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы туралы да түйіндеп әңгімеледі. Жаңа ипотекалық несиелеу, табысы төмен қызметкерлері үшін салық жүктемесін азайту, шағын несиелеуді өреістету секілді бетбұрыстар қазақстандықтарды ертеңге деген сенім ұштатады.

Кездесу барысында депутатқа тұрғындардан зейнетақыны есептеу тәртібі, медициналық қызметті Akzhaik deputaty (1)қаржыландыру, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, т.б. қатысты сұрақтар берілді. Сондай-ақ бала кезінен ІІ топ мүгедектеріне де жәрдемақы төлеудің, аналарға сәбилерінің бағым-күтіміне жәрдемақыны 3 жасқа дейін төлеудің мүмкіндігі қарастырылса екен деген ұсыныстар айтылды.

С.Имашева аудан орталығындағы емхананың, коворкинг орталығының, жаңадан ашылғаН «Астана» балабақшасының жұмыстарымен танысты.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале