12.12.2019, 18:12
Оқылды: 39

Үш округ бюджеті нақтыланды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясында ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды.

orda (3)

Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұргүл Омарова  округтің кірісі 120886,0 мың теңгені құрағанын баяндап, ауыр науқасты шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық қызмет көрсету орнына жеткізу бағдарламасынан үнемделген 40,0 мың теңгені ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін қызметтер бағдарламасына ауыстыруды сұрады. Осыған ұқсас ұсынысты Орда ауылдық округінің әкімі Медет Сисенов те айтты. Бұл округте ауыр науқасты шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық қызмет көрсету орнына жеткізу бағдарламасынан 80,0 мың теңге үнемделсе, елді мекендердегі көшелерді жарықтандырудан 750,0 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың шығыстарынан 12,0 мың теңге қалған. Медет Исаұлы осы қаражаттың бағдарламасын ауыстыруды ұсынды. Өз кезегінде Бисен ауылдық округінің бас маманы Ақболат Шамшеденов жергілікті бюджеттегі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, салықтық түсімдердің орындалу барысын баяндады. Осынау ұсыныстардың бәрі де депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім алынды.

orda (1)

Айта кету керек, үш округтің бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Т.Арыстанбеков төрағалық еткен қоғамдық кеңесте де талқыланып, мақұлданды.

Раушан Бақытова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале