12.04.2018, 12:55
Оқылды: 11

Хан ордасында 80-ге тарта домбырашының қатысуымен флешмоб өтті

г-977 (2)Бөкей ордасы ауданының мәдени орталығы саналатын Хан ордасы ауылында  сексенге тарта домбырашының қатысуымен «Күйшілер флешмобы» өтті.

Ұлттығымызды дәріптеген осынау шараның республикамыздың киелі орындарына жатқызылған Бөкей ордасы тарихи музей кешені аумағында өткізуінің де өзіндік себебі бар.

Өйткені күй құдіретін танытқан Дина мен Дәулеткерей, қара қазақ қамы үшін ғұмыры талқан болған Сейтектің кіндік қаны да туындылары да осы Нарын топырағында туған-ды. Ауданымыздың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздардың қос ішекте күмбірлеткен күйлері самал желмен дала кезіп, кесенеде мәңгілік дамыл тапқан бабалар басына да жеткен шығар.

Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей Ордасы ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале